Украина мен Ресей арасындағы достық келісімі күшін жойды

Камила Долаева Журналист
Украина мен Ресей арасындағы достық келісімі күшін жойды © РИА Новости

Украина мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және әріптестік туралы келісім 1 сәуірде ресми түрде күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Украина мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және әріптестік туралы келісім 1 сәуірде ресми түрде күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

РФ мен Украина арасындағы достық, ынтымақтастық және серіктестік туралы келісім-шартқа немесе "Үлкен келісім-шартқа" 1997 жылы 31 мамырда Киевте Ресей мен Украина президенттері Борис Ельцин мен Леонид Кучма қол қойған. Шарт 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап он жылға күшіне енген. Тараптардың бірі алдын ала оны бұзғысы келетінін хабарламаса, құжат әрбір он жыл сайын автомат түрде ұзартылады.

Еске салсақ, 10 желтоқсанда Украина президенті Петр Порошенко Ресеймен достық туралы келісім-шарттың қолданысын тоқтату туралы Заңға қол қойды. Оны РФ СІМ өкілдері қате шешім деп атаған. 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама