Украина мен Ресей келіссөздерінің келесі кезеңі Түркияда өтеді

Дина Шарипханова Корреспондент
© РИА Новости

Украина мен Ресей Түркияда үш күндік келіссөздер раундын өткізуге келісті. Ол 28-30 наурызда өтеді. Бұл туралы делегацияның мүшесі, Украина Жоғарғы Радасындағы "Слуга народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УНИАН-ға сілтеме жасап.

Арахамияның айтуынша, шешім 27 наурызда қабылданған. Барлық мәлімет кейінірек хабарланады.

"Видео түрінде өткен кезекті келіссөздер кезінде келесі раундты бетпе-бет 28-30 наурызда Түркияда өткізу туралы шешім қабылдадық", - деп жазды Арахамия Facebook-парақшасында.

Реклама
Реклама

Ресей Федерациясынан келген келіссөздер тобының жетекшісі Владимир Мединский жаңа раунд 29-30 наурызда өтетінін растады.

14 наурызда Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің төртінші раунды өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама