Украина президенті ауруханаға жатқызылды

Фото: РИА Новости

Коронавирус жұқтырған Украина президенті Владимир Зеленский ауруханада емделіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған Украина президенті Владимир Зеленский ауруханада емделіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Бұл туралы президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтты.

"Барлығы қатаң түрде хаттамамен реттеледі. Олар (Зеленский және президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак-ескерту) Теофанияда. Онда арнайы жабдықталған кабинет бар. Президент онда жиналыс өткізе алады. Ол оқшауланған палатада жатыр, әрі оның арнайы байланысы бар", - дейді Подоляк "Украинская правда" басылымына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ол Зеленский мен Ермактың жұмыс кестесі бар екенін, олар тек оқшауланғанын атап өтті. 

Кеңесші Украина президенті мен Ермак ауруханада бірін-бірі көрмейтінін, тек телефон арқылы сөйлесетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама