08 наурыз 2022 | 09:25

"Украина президенті деп жариялағысы келеді". Януковичтің ұшағы Минскіге қонды

Фото: РИА Новости

Дүйсенбіде, 7 наурызда Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің ұшағы Мәскеуден Минскіге қонды. Борт сол күні кешке Минскіден ұшып кетті. Бұл туралы "Украинская правда" жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүйсенбіде, 7 наурызда Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің ұшағы Мәскеуден Минскіге қонды. Борт сол күні кешке Минскіден ұшып кетті. Бұл туралы "Украинская правда" жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым ақпаратына сәйкес, экс-президенттің ұшағы аптасына бірнеше рет Ресей аумағында ұшып, содан кейін Беларусьте қонған: Мәскеуден Орынборға, Орынбор - Мәскеу, Мәскеу - Мурманск, Мурманск - Сочи, Сочи - Мәскеу, Мәскеу - Сочи, Мәскеу - Санкт-Петербург, Санкт-Петербург - Мәскеу және Мәскеу - Минск бағыттарымен қозғалған.

Реклама
Реклама

Бұған дейін украиналық БАҚ Ресей Януковичті "Украина президенті" деп жариялағысы келетіні туралы ақпарат таратқан болатын.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленскийді билікті "заңды" мемлекет басшысы Виктор Януковичке беруге шақырды. 

Осыған ұқсас үндеулерді Ресей мен Украина депутаттары да айтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная