Украина президенті Қазақстанға Ресейді айналып өтіп келе жатыр

Украина президенті Қазақстанға Ресейді айналып өтіп келе жатыр © jetphotos.net

Украина президенті Петр Порошенко Қазақстанға Ресейді айналып өтіп келе жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украина президентінің ресми сайтындағы хабарламаға сәйкес, ол Қазақстан аумағына шамамен сағат 11-де жеткен, яғни Астана уақыты бойынша күндізгі сағат 2-де.

Порошенко бортының қозғалысын flightradar24.com сайты арқылы бақылауға болады. An-148 ұшағы (рейстің номері UKN8137) Украина аумағынан ұшып шығып, Түркия жағалауын жағалай Қара теңіздің үстімен орағытып, Грузия арқылы Әзірбайжанға бағыт алды. Одан әрі Каспий арқылы ұшақ Қазақстан аумағымен ұшып келеді.

Реклама
Реклама

Скриншот. © flightradar24.com

Бұған дейін Петр Порошенконың Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама