22 ақпан 2022 | 08:09

"Украина шекаралары өзгеріссіз қалады" - Зеленский

Владимир Зеленский. Фото:facebook.com/president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үндеуінде елдің халықаралық деңгейде танылған шекарасы қалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үндеуінде елдің халықаралық деңгейде танылған шекарасы қалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Бізде және біздің мемлекетімізде тарихтан ұзақ лекция оқып тұратын уақыт жоқ, сондықтан өткенді еске алмаймын. Қазіргі және болашаққа қатыстыны айтамын. Украина өзінің халықаралық танылған шекараларында және Ресей Федерациясының қандай да бір мәлімдемелері мен әрекеттеріне қарамастан, солай қала бермек", - деді Зеленский халыққа үндеуінде.  

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная