1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Украина ТМД халықтарының ерлігі мен қаһармандығын мәңгі есте сақтау жөніндегі келісімнен шықты

Украинаның Жоғарғы Радасы елдің ТМД халықтарының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен қаһармандығын мәңгі есте сақтау жөніндегі келісімнен шығуын

Фото: pixabay

Украинаның Жоғарғы Радасы елдің ТМД халықтарының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен қаһармандығын мәңгі есте сақтау жөніндегі келісімнен шығуын жақтап дауыс берді. Бұл туралы Рада депутаты Ярослав Железняк Telegram-да мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдауға 274 халық қалаулысы дауыс берген.

Келісімге 2011 жылы қол қойылды. Бұл құжат тараптарды, атап айтқанда, әскери бейіттерге күтім жасауды қамтамасыз етуге және әскери ескерткіштерді вандализмнен қорғауға міндеттейді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!