Украина ұшағы Алжирде апатқа ұшырады

Сурет тәуелсіз нысаннан алынды

Украинаның жүк әуе көлігі Алжирде апатқа ұшырап, алдын ала келіп түскен деректер бойынша, ондағы жеті экипаж мүшесінің барлығы көз жұмған, - деп хабарлайды Украина СІМ-не сілтеме жасаған РИА Новости.

Алдында араб тіліндегі "Сабр" газеті ұшақ Алжир уақыты бойынша 02:39-да Таман Рассет қаласы әуежайынан көтерілгеннен кейін үш минуттан соң құлады деп хабарлаған.

"Алжирдегі Украина елшілігінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңертең Таман Рассет (Алжир) - Малабо (Экваторлы Гвинея) бағыты бойынша мұнай құрал-жабдықтарын тасымалдайтын "Украина-Аэроальянс" компаниясына тиесілі АН-12 жүк көлігі апатқа ұшыраған. Алдын ала келтіріліп жатқан деректер бойынша, ондағы ұшақтың жеті экипаж мүшесінің барлығы көз жұмған", - деп хабарлайды Украина сыртқы саясат ведомствосы.

Реклама
Реклама

Қазір апат орын алған жерде мамандар ұшақтың қалдықтарын іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама