Украинада әлемдегі ең ірі Ан-225 жүк ұшағы жойылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Украинада әлемдегі ең ірі Ан-225 жүк ұшағы жойылды Фото: telegraf.com.ua

Украина қорғаныс өнеркәсібінің ресми сайтында соғыс қимылдары кезінде әлемдегі ең ірі Ан-225 "Мрия" жүк ұшағы жойылғаны туралы хабарлама шықты. Бұл Киев іргесіндегі Гостомельдегі Антонов аэродромында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайтта "Мрияға" Гостомель әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны, сондықтан оның Украинадан ұшып үлгермегені және соғыс қимылдары нәтижесінде жойылғаны айтылған.

Сондай-ақ, әлемдегі ең үлкен жүк ұшағын жөндеу үш миллиард доллар тұратыны оны жөндеу ұзақ уақыт алатыны жазылған. Украина тарапы бұл шығындарды Ресей көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама