ПОДЕЛИТЬСЯ
18 шілде 2022 | 16:26
Украинада бас прокурор мен УҚҚ басшысы отставкаға кеткені туралы ақпарат жоққа шығарылды
Украина қауіпсіздік қызметінің (УҚҚ) басшысы Иван Баканов пен бас прокурор Ирина Венедиктова жұмыстан босатылған жоқ. Бұл туралы телемарафон эфирінде Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Андрей Смирнов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Украина қауіпсіздік қызметінің (УҚҚ) басшысы Иван Баканов пен бас прокурор Ирина Венедиктова жұмыстан босатылған жоқ. Бұл туралы телемарафон эфирінде Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Андрей Смирнов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Смирновтың айтуынша, УҚҚ басшысы мен бас прокурор жұмыстан босатылған жоқ, уақытша қызметінен шеттетілді. Ол мұндай қадам осы лауазымды тұлғалардың УҚҚ қызметкерлері мен прокурорларына қатысты қылмыстық істерді тергеуге ықпал ету мүмкіндігін болдырмау үшін жасалғанын атап өтті.
"Әзірге бұл екі шенеунікті жұмыстан босату туралы әңгіме жоқ. Сөз бас прокурордың қызметінен шеттетілгені, ал қауіпсіздік қызметінің басшысы міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілгені туралы болып отыр", - деді Смирнов.
Оның айтуынша, тексерулер жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша Владимир Зеленский Баканов пен Венедиктованы қызметінен босатуға келісім беру туралы парламентке сұраныс жіберу туралы шешім қабылдайды.
"Бәрі осы екі органның басшыларынан осы органдарды әріптестер мен сатқындардан тазарту бойынша нақты және мүмкін түбегейлі нәтижелер күтті. Сонымен қатар, соғыстың алтыншы айында осы органдардың әрқайсындағы осындай адамдарды анықтауды жалғастырамыз", - деді Смирнов Президенттің шеттету туралы шешімін түсіндіріп.
Еске салайық, Украина президенті Владимир Зеленский бас прокурор Ирина Венедиктова мен УҚҚ басшысы Иван Бакановты қызметінен шеттетті деп жарияланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также