ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 ақпан 2020 08:50
Украинада белгілі хирург өлтірілді: оқиғаның видеосы жарияланды
Украиналық белгілі пластикалық хирург Андрей Сотникті белгісіз біреулер Киевте атып кетті, - деп хабарлайды РБК-Украина.
Қылмыс 2 ақпанда кешкі уақытта болған. Ер адамның жасы 43-те.
"Киев Оперативный" Telegram-каналы жариялаған видеоның кадрларынан қаскөйдің хирургтің соңынан қуып, арқасынан оқ атқанын көруге болады. Ер адам одан қашуға тырысқан, алайда мүмкіндігі болмаған. Соңғы оқ марқұмның басына тиген.
Құқық қорғау органдарының өкілдері қаскөйдің Сотник ұстаған қапты алып кеткенін хабарлады. Қапта не болғаны белгісіз.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу