22 тамыз 2022 | 09:15

Украинада депутаттар мен мемлекеттік қызметшілерге бір апта жұмысқа келмеу ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Киевтің үкімет кварталында орналасқан мекеме қызметкерлеріне 22-26 тамыз аралығында қашықтан жұмыс істеу ұсынылды. Бұл туралы ел парламенті мен үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап "Украинская правда" басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Киевтің үкімет кварталында орналасқан мекеме қызметкерлеріне 22-26 тамыз аралығында қашықтан жұмыс істеу ұсынылды. Бұл туралы ел парламенті мен үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап "Украинская правда" басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Киевтің үкімет кварталында парламент, президент кеңсесі, үкімет, Украина Ұлттық банкі және т.б. ғимараттар орналасқан.

Келесі аптада Украина Ту күні мен Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Осыған байланысты Киевтегі барлық кездесу мен іс-шара тоқтатылады, деп жазады ТСН басылымы.

Реклама
Реклама

"Украинская правда" басылымына дереккөз берген ақпарат бойынша, бұл күндері Украинаның мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне үкімет кварталына "мүмкіндігінше келмеуге" кеңес беріледі.
 
Жоғарғы Раданың қашықтан жұмыс істеуі туралы шешімі қабылданып қойған және халықаралық делегациялармен жұмыс істейтін және келесі отырыстарға дайындыққа қатысатын мамандарға ғана қатысты емес екені атап өтілді.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей келесі аптада "ерекше қатыгез әрекеттерге" баруы мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная