08 қаңтар 2021 | 09:45

Украинада қатаң карантин енгізілді

Фото: Глеб Гаранич / Reuters

Украинада 8 қаңтардан бастап COVID-19 таралу қаупіне байланысты қатаң карантин режимі енгізілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украинада 8 қаңтардан бастап COVID-19 таралу қаупіне байланысты қатаң карантин режимі енгізілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Коронавирус жұқтырғандар санының жартысын қысқартуға бағытталған карантин шектеулері 24 қаңтарға дейін жалғасады. Бұдан басқа, ел үкіметі 28 ақпанға дейін жалпыұлттық карантин мен төтенше жағдай режимін ұзартты. Бұл шектеулер бұған дейін өткен жылдың соңына дейін болған. 

Реклама
Реклама

Қатаң локдаун енгізілгеннен кейін мектептер мен ЖОО жабылады, бірақ балабақша жұмыс істейді. Көпшілік жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, барлық базардың жұмысы тоқтатылды.

Ойын-сауық, мәдениет мекемелері де толық жабылды. Кафе, бар, мейрамханалар тамақты жеткізіп беру үшін ашық, алайда қонақүйлердегі мейрамханалар толық жабылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная