03 наурыз 2022 18:23

Украинада Ресей әуе-десант әскерінің генерал-майоры қаза болды - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент
Андрей Суховецкий (ортасында). Фото: ©РИА Новости

Украинадағы ұрыс кезінде Ресей Құрлық әскерлерінің 41-қарулы әскері қолбасшысының орынбасары генерал-майор Андрей Суховецкий қаза тапты. Бұл туралы оның әріптесі Сергей Чипилев ВКонтакте-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Арнайы операция кезінде досымыз генерал-майор Андрей Александрович Суховецкийдің Украина аумағында қаза болғаны туралы хабарды қайғыра қабылдадық. Андрей Александровичтің отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Бұл ақпаратты "Комсомольская правда" баспасының әскери тілшісі Александр Коц Telegram-арнасында растады. Ол"Ресей десантшылары одағының" бүкілодақтық әуе-десанттық күштерінің Киров облысындағы өкілі Сергей Чипилевтің мәліметіне сілтеме жасаған.

Андрей Суховецкий 1995 жылы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін 1995 жылы бітірген. Ресей Қорғаныс министрлігі сайтындағы деректерге сүйенсек, ол взвод командирінен гвардиялық десанттық-шабуылдау бөлімшесінің штаб бастығына дейін түрлі қызмет атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram