28 ақпан 2022 15:19

Украинадағы жағдай: эвакуацияланып жатқан қазақстандықтардың видеосы жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ҚР Украинадағы елшілігі эвакуацияланып жатқан қазақстандықтардың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Украинадағы елшілігі эвакуацияланып жатқан қазақстандықтардың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан әйелдер мен балалар көп екені көрінеді. Қазір Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. Енді олар Нұр-Сұлтан уақытымен 13.33-те келген "Эйр Астана" бортына отырғызуды күтіп отыр. Катовице - Атырау бағыты бойынша кері рейс 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.30-ға жоспарланған.

Реклама
Реклама

Жанармай құйғаннан кейін ұшақ Алматыға жергілікті уақыт бойынша сағат 00.30-да келеді деп жоспарланып отыр.

Шекарада тағы 99 қазақстандық өз кезегін күтіп отыр, олармен бірге Қазақстанның Киевтегі елшілігінің дипломаттары бар.

Екінші рейс 1 наурызға жоспарланған. Ол Катовицеден сағат 02.15-те ұшып, Атырауға 11.35-те келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram