ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қыркүйек 2020 | 15:12
Украинадағы ұшақ апаты: құрбандар саны артты
Украинада апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағында зардап шеккендер саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Telegram-дағы Mash арнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Украинада апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағында зардап шеккендер саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Telegram-дағы Mash арнасына сілтеме жасап.
Апаттан зардап шеккен тағы бір курсант ауруханада қайтыс болғаны хабарланды. Бастапқыда ол жолдасымен бірге ұшақтан секіріп үлгерген. Екеуі де ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын.
Осылайша зардап шеккендердің саны 26-ға жетті.
Ал РИА Новости апаттың себебі болуы мүмкін жағдайды хабарлады.
"Қорғаныс ведомствосының басшысы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, әуе кемесінің сол жақ қозғалтқышындағы тексеру құралының біреуі істен шыққанын атап өтті. Яғни, бір қозғалтқыш емес, оның тексергіш аспабының бірі істен шыққан. Министр ұшақтың қозғалтқышына кезекті жөндеуге 5 мың сағат ұшу уақыты бар екенін айтты", - делінген Украина Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ құлаған кезде қанатымен жерге тиген.
Еске салайық, Ан-26 әскери ұшағы 25 қыркүйекте кешке Харьков облысындағы Чугуев қаласының жанында оқу рейсі кезінде апатқа ұшырады. Бортта 27 адам болған: жетеуі экипаж мүшесі және 20-сы курсант.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также