Украинаға 85 зымыран соққысы жасалды - Зеленский

Украинаға 85 зымыран соққысы жасалды - Зеленский Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский елге 85 зымыранмен шабуыл жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украина президенті Владимир Зеленский елге 85 зымыранмен шабуыл жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Украинаға 85 зымыран соққысы жасалды. Баспанада болуға шақырамын, жаңа шабуылдар болуы мүмкін", - деді ел президенті.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Украинаның барлық облысында әуе дабылы қағылғанын, Киевте екі тұрғын үйге зымыран соққысы жасалғанын жазған едік.

Киевтің сол және оң жағалауында тұратын тұрғындар жарылыс дыбыстары естілгені туралы хабарлаған.

Бұған қоса, Кривой Рог әскери әкімшілігінің басшысы Александр Вилкул мен Николаев облыстық әскери басқармасының төрағасы Виталий Ким Ресейден жаппай зымыран ұшырылғаны туралы мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама