Украиналық актер Киев маңындағы атыс кезінде қайтыс болды

© instagram/pashaleeofficial

Украиналық актер, тележүргізуші, әнші және музыкант Паша Ли қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Liga.net-ке сілтеме жасап.

Украиналық актер, тележүргізуші, әнші және музыкант Паша Ли қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Liga.net-ке сілтеме жасап.

Паша Ли 6 наурызда Ирпень қаласындағы Ресей әскерімен атыс кезінде қаза тапты.  

"Тіпті, суретке түсе алмадық. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды украиналық журналист Ярослав Куц Facebook-парақшасында.

Реклама
Реклама

Актер 33 жасында қайтыс болды. Ол өмірінің соңғы күндерін Украина Қарулы Күштерінің аумақтық қорғаныс қатарында өткізді.

Паша Ли 1988 жылы 10 шілдеде Евпаторияда дүниеге келді. Ол "Штольня", "Тени незабытых предков", "Встреча одноклассников", "Провинция" және басқа да фильмдерде ойнады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама