29 қараша 2020 | 09:49

Украиналық журналиске тікелей эфирде шабуыл жасалды

©NewsOne

Украиналық NewsOne телеарнасы Киевтегі журналисі Виолетта Товкеске шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Сол сәтте ол тікелей эфирде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украиналық NewsOne телеарнасы Киевтегі журналисі Виолетта Товкеске шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Сол сәтте ол тікелей эфирде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Белгісіз біреу NewsOne телеарнасының журналисі Виолетта Товкеске 28 қараша, сенбіде Киевте өткен ашаршылық құрбандарын еске алу рәсімінде тікелей эфирде шабуыл жасады. Тілші украиналықтарға ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар қалай өтіп жатқанын айтып тұрған", - деп хабарлайды NewsOne телеарнасындағылар.

Реклама
Реклама

Әйел шамамен бір минут тікелей эфирде болып, кенеттен маска таққан ер адам оған жақындап, микрофоны мен шамды жұлып алады да оны итере бастайды. Ер адам эмоционалды түрде айқайлап жібереді де, кейін кетіп қалады.

Виолетта Товкес кадрларда сынған микрофонды көрсетіп, шабуыл дерегі бойынша құқық қорғау органдарына жүгінуге уәде берді.

"NewsOne құқық қорғау органдарынан 2020 жылдың 28 қарашасында тікелей эфир кезінде болған телеарна журналисіне шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауды және кінәліні жауапқа тартуды талап етеді. Телеарна тергеуді өз бақылауына алады", - деп атап өтті телеарна өкілдері.

NewsOne журналистеріне шабуылдар бұрын да болған екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная