Украиналық олигархқа қастандық жасады деген күдікті өлі табылды: БАҚ

Украиналық олигархқа қастандық жасады деген күдікті өлі табылды: БАҚ Бейнеден алынған кадрлар

Киев маңында құқық қорғау органдары украиналық кәсіпкер Вадим Ермолаевқа Монакода жасалған қастандықты тергеу ісімен байланыстырған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правдаға" сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, әйелдің мәйіті 6 шілдеде кешке табылған. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздер оның оқ жарақатынан қаза тапқанын хабарлады.

Сонымен қатар басылым сұхбаттасушылары 2025 жылдың 22 наурызынан 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін әйел Украинадан тыс жерде болғанын айтты.

Жарнама
Жарнама

"Украинская правда" ақпараты бойынша, тергеу аясында екі күдікті ұсталды. Олардың бірі Украина Бас барлау басқармасының қазіргі офицері, екіншісі бұрынғы құқық қорғау органының қызметкері.

Жарияланым шыққан кезде бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Ермолаевқа жасалған қастандық туралы не белгілі?

29 маусымда Монакода жарылыс болып, салдарынан үш адам зардап шекті. БАҚ мәліметінше, олардың арасында санкцияға ілінген украиналық кәсіпкер Вадим Ермолаев пен оның жақындары болған.

Тергеу қастандыққа қатысты екі негізгі нұсқаны қарастырып жатыр – бұл ұйымдасқан қылмыс және шетелдік араласу.

Кейін Украиналық олигархқа қастандық жасады деген күдікті кім екені анықталды. Интерпол 39 жастағы Украина азаматы Анастасия Березовскаяға қатысты "қызыл хабарлама" (Red Notice) деп аталатын халықаралық іздеу жариялады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама