Украинаның барлық облысында әуе дабылы қағылды

Украинаның барлық облысында әуе дабылы қағылды

15 қарашада Киевте жарылыстар болып, әуе қорғанысы іске қосылды. Бұл туралы "Украинская правда" басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 қарашада Киевте жарылыстар болып, әуе қорғанысы іске қосылды. Бұл туралы "Украинская правда" басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Киевтің сол және оң жағалауында тұратын тұрғындар жарылыс дыбыстары естілгені туралы хабарлаған. Басылым мәліметінше, қалада әуе қорғанысы іске қосылды.

Бұған қоса, Кривой Рог әскери әкімшілігінің басшысы Александр Вилкул мен Николаев облыстық әскери басқармасының төрағасы Виталий Ким Ресейден жаппай зымыран ұшырылғаны туралы мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Украинаның 15 аймағында әуе дабылы қағылған.

Қала мэрі Виталий Кличконың айтуынша, екі зымыран тұрғын үйлерге түскен.

"Ел астанасына шабуыл жасалды. Алдын ала мәлімет бойынша, Печерский ауданында екі тұрғын үйге зымыран түскен", - деп жазды ол Telegram-арнасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама