Украинаның шығысында тағы да соғыс: Авдеевкада ұрыс жүріп жатыр

© korrespondent.net

Жа?ында Украинаны? о?т?стік-шы?ысында жауынгерлік ?рекеттер к?шейе бастады. Б?л ?рекеттер ?сіресе Донецкіде орналас?ан Адвеевка ауданында шиеленісіп жатыр. Ресейлік ж?не украиналы? БА?-тар зардап шеккендер мен ?аза тап?андар?а ?атысты т?рлі м?ліметтерді келтіріп жатыр. 

Жақында Украинаның оңтүстік-шығысында жауынгерлік әрекеттер күшейе бастады. Бұл әрекеттер әсіресе Донецкіде орналасқан Адвеевка ауданында шиеленісіп жатыр. Ресейлік және украиналық БАҚ-тар зардап шеккендер мен қаза тапқандарға қатысты түрлі мәліметтерді келтіріп жатыр. 

Украинаның Донецк облысындағы Ұлттық полициясының басшысы Вячеслав Аброськин сәрсенбіде кешкі уақытта Facebook желісіндегі парақшасында соңғы тәулікте Авдеевка ауданындағы атыстан "26 сепаратист пен 60 адамның жарақат алғанын" хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, Украинаның қорғаныс министрлігінің өкілі Александр Мотузяник болса, сәрсенбіде түскі уақытта Авдеевкада болған шайқастан 42 әскеридің қаза тапқанын хабарлаған.

Реклама
Реклама

Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәлімдемені украиналық әскерилердің осылайша келісімдерді бұзып, шабуылдау әрекеттерін бастап жатқанын айтты.

Айта кетейік, украиналық әскерилердің 29-30 қаңтарда болған шайқастарынан 7 адам қаза тапқан. Украина билігіндегілер Авдеевка төтенше жағдай режимін жариялады. Корреспондент.net басылымының мәліметінше, жергілікті тұрғындар у"краиналық әскерилерден қаланы бермеуді" сұрап жатыр. 

Қазіргі уақытта украиналық басылым Авдеевкада болған шайқастың суреттері мен видеоларын жариялап жатыр. "Біраз үйлерге оқ атылды, адамдар жертөледе жасырынып жатыр, жарық пен жылу да жоқ. Адамдарды эвакуациялау басталды", - делінген мақалада.

Басылымның мәліметінше, Украинаның күш құрылымдары Авдеевканы өз бақылауына алды. Олар адамдарға қажетті азық-түлік пен ұялы телефондарын қуаттауға мүмкіндік беріп жатыр делінеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама