Украинаның төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Харьков түбінде қирады

МИ-8 ұшағы фото drive2.ru

Украинаның төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Харьков түбінде қирады,- деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Украинаның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, МИ-8 ұшағы 21 маусым күні радардан көрінбей кеткен. Іздестіру жұмысына шамамен 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Тікұшақ 22 маусым күні таңертең Лазуновка елді мекенінің маңындағы орманнан табылды.

"Қайғылы апат салдарынан МИ-8 ұшағының үш экипаж мүшесі қаза тапты. Мәлім болғандай, тікұшақ Нежин әуежайынан Чугуев әуежайына шыққан. 21 маусым күні ертеңгісін Черниговск облысындағы әуежайдан ұшып шығып, 09:55  шамасында радардан көрінбей кеткен. Қазір тікұшақтың құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Апаттың мән-жайы анықталуда. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама