ПОДЕЛИТЬСЯ
21 тамыз 2020 | 16:18
Улану деп есептемейміз - дәрігерлер Навальныйдың диагнозы туралы
Дәрігерлер оппозиционер Алексей Навальныйдың қаны мен несебінде улы зат анықталмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дәрігерлер оппозиционер Алексей Навальныйдың қаны мен несебінде улы зат анықталмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сонымен қатар, дәрігерлер Навальныйдың диагнозын толық білетіні, алайда оны көпшілікке жариялай алмайтындары айтылған. Бұл туралы журналистерге Омсктегі №1 жедел көмек көрсету қызметінің бас дәрігерінің орынбасары Анатолий Калиниченко хабарлады.
"Әңгіме уланудың түрлі жолы туралы болып тұр. Бүгінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша, қаны мен нәжісінен у табылмады. "Улану" деген диагноз санамыздың түбінде тұратын шығар, бірақ науқас уланды деп есептемейміз", - деді дәрігер.
Сондай-ақ дәрігерлер Навальныйдың Еуропада емделуі "пайдасыз" және "қауіпсіз емес" екенін айтты.
Еске салайық, саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыштың айтуынша, 20 тамызда Навальный Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқанда денсаулығы сыр берген. Кейін әуе кемесі Омбыға шұғыл қонып, оппозиция өкілі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Ол ес-түссіз ауруханаға түсті, қазір жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, жансақтау бөлімінде жатыр.
Ярмыш белгісіз біреулер саясаткердің шайына у қосқан болуы мүмкін деген болжам жасады. "Таңертең шай ғана ішкен. Дәрігерлер улы зат ыстық сұйықтық арқылы тез сіңетінін айтты", - дейді ол.
Германия канцлері Ангела Меркель Германия Алексей Навальныйға қажетті медициналық көмек көрсетуге, оны неміс ауруханаларында емдеуге дайын екенін айтты.
АҚШ Навальныйдың улануы туралы: "Бұл Ресеймен қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін"
Франция президенті Эммануэль Макрон да медициналық көмегін ұсынды. Ал кинопродюсер және Cinema for Peace ұйымының негізін қалаушы Яка Бизиль Навальныйды Берлинге тасымалдауға мүмкіндік беретін санитар ұшақ Германиядан Омбыға бара жатқанын айтқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также