Ұлыбританиялық миллионердің ұлы ұшақ құлап бара жатқанда түсірген сурет жарияланды

Ұлыбританиялық миллионер Ричард Казинстің ұлы ұшақ апатқа ұшырар алдына бірнеше фотосурет түсіріп үлгерген, - деп хабарлады Daily Mail.

Ұлыбританиялық миллионер Ричард Казинстің ұлы ұшақ апатқа ұшырар алдына бірнеше фотосурет түсіріп үлгерген, - деп хабарлады Daily Mail.

Оқиға 2017 жылы Сиднейде болған, алайда суреттер осы аптада ғана жарияланды. Кадрларда әуе кемесінің Хоксбери өзенінің үстінен ұшып бара жатқаны көрінеді. Бортта ұшқыштан бөлек, ұлыбританиялық миллионер Ричард Казинс, оның әйелі, екі ұлы мен қызы болған. Бизнесмен әлемдегі ірі кейтеринг компанияларының бірі Compass Group-та атқарушы директор қызметін атқарған. Отбасы гидропланды Жаңа жыл түнінде жалға алған.

Полицияның хабарлауы бойынша, борт Роуз жағажайына бет алған, бірақ кенеттен бағытын өзгертіп, өзенге құлаған. Тергеу жұмыстары әлі жалғасуда. Гидроплан 2005 жылы жасалған, техникалық жағдайы ешқандай күдік тудырмаған.

Реклама
Реклама


Миллионердің отбасы отырған ұшақта түсірілген сурет. © Australia's national transport safety investigator

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама