15 сәуір 2022 12:33

Ұлыбритания Абрамович серіктестерінің миллиардтаған доллар активін бұғаттады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Ұлыбритания Ресейдің Украинадағы әрекетіне жауап ретінде кәсіпкер Роман Абрамовичтің екі жақын танысына санкция салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания Ресейдің Украинадағы әрекетіне жауап ретінде кәсіпкер Роман Абрамовичтің екі жақын танысына санкция салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, "Челси" футбол клубының директоры Евгений Тененбаум мен "Миллхаус" ЖШС бас директорының орынбасары Дэвид Давидовичке санкция салынған. Сондай-ақ, екеуі де Роман Абрамовичтің бұрыннан келе жатқан іскери серіктестері екендігі атап өтілді.

"Жалпы құны 10 миллиард фунт стерлингке бағаланған ресейлік бизнесмендердің активтері бұғатталды. Бұл олардың қаржылық активтерін Ресейге қайтару мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл Ұлыбритания тарихындағы ең үлкен активтерді тоқтату болды", - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі Лиз Трасс.

Реклама
Реклама

Ұлыбритания бүгін Евгений Тененбаум мен Давид Давидовичке қарсы санкция салып, ақпан айынан бері санкция салынған олигархтардың, олардың отбасы мүшелері мен серіктестерінің жалпы санын 106-ға жеткізді.

Бизнесмендерге саяхатқа тыйым салынады. Олар Ұлыбританияға кіру немесе болу құқығынан айырылады. Санкцияларға сондай-ақ елдегі активтерге тыйым салу және техникалық қызмет көрсетуге тыйым салу да бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram