13 мамыр 2022 | 17:50

Ұлыбритания Алина Кабаева мен Путиннің бұрынғы әйеліне санкция салды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Ұлыбритания Ресей президенті Владимир Путинге қарсы санкциялардың соңғы раундын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбритания Ресей президенті Владимир Путинге қарсы санкциялардың соңғы раундын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы үкімет сайтында Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс мәлімдеді.

Шектеулер Ресей президентінің бұрынғы әйелі Людмила Очеретнаяға, екі немере ағасы - Игорь мен Роман Путиндерге және басқа да туыстары мен "президенттің достарына" әсер ететіні атап өтілді. Алина Кабаева мен оның әжесі Анна Зацепилина да санкцияға іліккен.

Реклама
Реклама

Жаңа санкцияларға активтерді бұғаттау, Ұлыбританияға кіруге немесе тұруға тыйым салу және көлікке қатысты шектеулер кіреді.

Айта кетейік, Ұлыбритания бұған дейін 1000-нан астам жеке және 100 заңды тұлғаға қарсы санкция салған. Ресей президенті Владимир Путиннің екі қызы мен сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың қызына да санкция салынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная