26 ақпан 2022 | 13:19

Ұлыбритания премьер-министрі орыс және украин тілдерінде бейбітшілікке шақырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Ресей-Украина соғысын тоқтатуға шақырған видео жариялады. Алғашында ағылшынша сөйлеген ол, кейін орыс және украин тілдеріне ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Ресей-Украина соғысын тоқтатуға шақырған видео жариялады. Алғашында ағылшынша сөйлеген ол, кейін орыс және украин тілдеріне ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Путиннің әрекеті Ресейдің толық оқшаулануына, халықаралық қоғамдастық тарапынан қуғынға ұшырауына, ауқымды экономикалық санкцияларға және жазықсыз украиндықтардың, өз отбасын ешқашан көре алмайтын орыс сарбаздарының өліміне алып келген соғысқа айналды. Ресейлік достарыма үн қатқым келеді (бұдан әрі орыс тілінде): мен бұл соғыс Сіздердің қалауларыңыз болғанына сенбеймін!

Бұл дағдарыс, бұл трагедия аяқталуы мүмкін және аяқталуы керек (украин тіліне ауысады), өйткені әлемге еркін және тәуелсіз Украина қажет. Украина жасасын!"- деп қорытындылады Джонсон.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная