09 мамыр 2022 10:36

Ұлыбритания Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация: pixabay

Біріккен Корольдіктің халықаралық сауда департаменті Ұлыбритания Украинадағы әрекеттеріне байланысты Ресей мен Беларуське қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріккен Корольдіктің халықаралық сауда департаменті Ұлыбритания Украинадағы әрекеттеріне байланысты Ресей мен Беларуське қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ұлыбритания бүгін Ресей мен Беларуське қарсы 1,7 миллиард фунт стерлинг саудасына әсер ететін жаңа санкциялар пакетін жариялады. Санкциялар импорттық баж салығын және экспортқа тыйым салуды көздейді", - делінген хабарламада.

Жаңа импорттық баждар 1,4 миллиард фунт стерлинг тауарларына, соның ішінде платина мен палладийге әсер етеді. Баж мөлшері 35 пайыз.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, экспортқа жоспарланған тыйым 250 миллион фунт тауарлар, соның ішінде химиялық заттар, пластмасса, резеңке және машина жабдықтарын қамтиды.  

Бұл Ұлыбританияның Ресейге қарсы сауда санкцияларының үшінші пакеті. Алтын мен энергия ресурстарын есепке алмағанда, Ресейден Ұлыбританияға импорттың шамамен 96 пайызы қазіргі уақытта шектеу шараларында. Ұлыбританиялық экспорттың 60 пайызы ішінара немесе толық тыйым салынған. Жаңа санкциялар тиісті заңнамалық акт қабылданғаннан кейін күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram