ПОДЕЛИТЬСЯ
28 маусым 2020 | 15:38
Ұлыбритания шетелден келетіндерге қатысты карантин туралы шешімін өзгертті
Ұлыбритания шетелден келетіндерге қатысты карантин туралы шешімін өзгертті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлыбритания шетелден келетіндерге қатысты карантин туралы шешімін өзгертті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Осыған байланысты әр мемлекетті жасыл, сары және қызыл деп, үш санатқа бөліп қарастыру жүйесі енгізілмек. Жасыл және сары санатқа жатқызылған елдердің азаматтары 2 апталық карантиннен босатылады.
Ал қызыл түсті мемлекеттен келген адамдарға шектеу одан әрі қолданыла бермек. Үкімет коронавирус қаупі төмен мемлекеттердің тізімін келесі аптада жарияламақ. Сарапшылар бұл осы уақытқа дейін жабық болған кей бағыттарды ашуға мүмкіндік береді деп отыр.
Айта кетейік, Worldometers мәліметінше, Ұлыбританияда 310 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырса, оның ішінде, 43 514 адам қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также