ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2019 | 17:01
Ұлыбритания тұрғыны лотереяден 123 миллион фунт стерлинг ұтып алды
Ұлыбритания тұрғыны лотереядан 123 миллион фунт стерлинг көлемінде джекпот ұтып алды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлыбритания тұрғыны лотереядан 123 миллион фунт стерлинг көлемінде джекпот ұтып алды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
The Mirror ақпараты бойынша, бұл көлемі бойынша елдегі үшінші үлкен ұтыс.
EuroMillions лотереяның жеңімпазы қажетті 7 нөмірді (5 негізгі және 2 қосымша) дәл тапқан. Бұл лотереяның билеттері 2,5 фунт стерлинг тұрады. Қатысушы 1-ден 50-ге дейін бес санды және 1-ден 12-ге дейін екі санды дәл табуы қажет.
EuroMillions әлемнің тоғыз елінде ұйымдастырылады. Биыл ақпанда ирландиялық Нол ауылының тұрғыны осы лотереядан 153 миллион фунт стерлинг ұтып алған болатын.
Показать комментарии
Читайте также