Ұлыбританияда 5 жасар бала коронавирустан қайтыс болды

Көрнекі сурет © REUTERS

Ұлыбританияда соңғы тәулік ішінде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың ең жоғары көрсеткіші тіркелді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Ұлыбританияда соңғы тәулік ішінде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың ең жоғары көрсеткіші тіркелді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Елде қайтыс болғандардың саны 708-ге жетті, арасында 5 жасар бала да бар. Осылайша вирустан көз жұмғандардың саны ел бойынша 4320-ға жетіп, ал оны жұқтырғандар саны соңғы мәліметтерге сай 42 мың адамнан асқан. Елдің денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок азаматтарды карантинді сақтап, үйде отыруға шақырып жатыр.

Сондай-ақ Букингем сарайы коронавирустық пандемияға байланысты Елизавета II-нің халыққа арнайы телевизиялық үндеу жазғанын хабарлады. Бұл оның 68 жылдық ел басқаруындағы бесінші үндеуі болмақ.

Реклама
Реклама

"Адамдардың басым көпшілігі кеңестерді басшылыққа алып, үйден шықпай отыр. Дегенмен карантин тәртібін бұзатындар әлі де бар. Олар қандай да бір қажеттіліксіз көшеге жиі шығады. Мен бұл ескертулер жайында жиі айта да бергім келмейді, себебі тұтас ел бұл дағдарыстан тезірек шыққысы келеді", - деді Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама