ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қыркүйек 2021 | 11:11
Ұлыбританияда ауған аудармашыларының мәліметтері кездейсоқ тарап кеткен
Мәліметтердің тарауы британдық әскери қызметшілермен жұмыс істеген жүздеген ауған аудармашыларының жеке басын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail егенттігіне сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәліметтердің тарауы британдық әскери қызметшілермен жұмыс істеген жүздеген ауған аудармашыларының жеке басын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail егенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі қызметкерінің салғырттығының нәтижесінде 250-ден астам электрондық почта мекен-жайы, Британдық қарулы күштерімен жұмыс істеген, Ұлыбританияға қоныс аударғысы келетін аудармашылардың есімдері, фотосуреттері және басқа да мәліметтері таралып кеткен.
Қорғаныс министрі Бен Уоллес тергеуді бастады. Хатты Ұлыбританияның Ауғанстанға қоныс аудару және көмек көрсету саласындағы саясатына жауапты топ (Arap) жіберді, ол "Талибан" (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес) өткен айда елді бақылауға алғаннан бері олармен байланыста болды.
Консервативті партияның мүшесі және бұрынғы Қорғаныс министрі Джонни Мерсер, тәліптер бір ғана аудармашыны ұстап басқалар туралы толық ақпарат алады деп алаңдаушылық білдірді.
Аудармашыларға жіберген хабарламада Arap оларды көшіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтыны айтылған. Сондай-ақ, егер олар өз орындарынан кетуге қауіпсіз болмаса, өздерін немесе отбасыларын қауіп-қатерге ұшыратпауы керек екенін айтқан.
"Бұл мәліметтердің таралуы аудармашылардың өміріне қауіп төндіреді. Біреудің осындай қателікке жол бергеніне сену қиын. Егер бұл мәліметтер тәліптердің қолына түссе қаншама адамның өмірі қиылатынын елестетудің өзі қорқынышты" , - деді бұрынғы майдангер, желілік аудармашы Рафи Хоттак.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также