ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қаңтар 2022 | 09:10
Ұлыбританияда COVID-19 паспорты мен маска тағу талабы алып тасталады
Ұлыбритания коронавируспен күрес шараларының бір бөлігін алып тастауға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлыбритания коронавируспен күрес шараларының бір бөлігін алып тастауға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон маска тағу, оқшаулану, үйден жұмыс істеу және вакцинация паспорты талаптарын алып тастайтынын мәлімдеді.
"Масканы жабық немесе адам көп жиналатын жерлерде ғана тағуды ұсынатын боламыз. Маска тақпаған адамдар бұдан былай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды", - деді премьер-министр.
Джонсонның айтуынша, 20 қаңтардан бастап мектепте маска талап етілмейді. Келесі бейсенбіден, 27 қаңтардан бастап Ұлыбританияда COVID-19 паспортына қойылатын талап жойылады.
Ұлыбритания премьер-министрі жақында өзін-өзі оқшаулау талабын алып тастайтынын, бірақ әзірге коронавирусқа оң нәтиже берген адамдар өзін-өзі оқшаулау керек екенін айтты.
"Өзін-өзі оқшаулау ережелері 24 наурызда аяқталады, одан ары ұзартпаймын деп үміттенемін", - деді ол.
Сонымен қатар, Джонсон саяхат ережелері де қайта қаралатынын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также