12 қыркүйек 2022 | 14:52

Ұлыбританияда II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты ұлттық мереке жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Патшайым Елизавета ІІ-нің жерлеу күні Ұлыбританияда ұлттық мереке болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Патшайым Елизавета ІІ-нің жерлеу күні Ұлыбританияда ұлттық мереке болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Король Чарльз III дүйсенбі, 19 қыркүйекті Ұлыбританияда ұлттық мереке деп жариялау туралы бұйрықты ресми түрде бекітті. Букингем сарайы мен Ұлыбритания үкіметі бұл мереке тұрғындарға, кәсіпорындарға және басқа ұйымдарға патшайым билігін құрметтеуге мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

Король анасы жерленген күнді демалыс күні деп жариялағанымен, заң британдық жұмыс берушілерден қызметкерлерге демалыс беруді талап етпейтіні атап өтілген.

Реклама
Реклама

"Үкімет жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы қолданыстағы келісімшартқа араласа алмайды. Дегенмен, біз көптеген жұмысшылар мереке күндері демалыс алады деп ойлаймыз. Сондай-ақ, біз жұмыс берушілер жерлеу күнінде демалыс алғысы келетін жұмысшылардың өтініштеріне жауап береді деген үміттеміз", - делінген хабарламада.

Жерлеу күні мектептер мен мәдениет мекемелері жабылады, бірақ ауруханалар мен соттар ашық болады.

Жерлеу рәсіміне әлемнің түкпір-түкпірінен мемлекет басшылары шақырылған, сонымен қатар британдық жоғары лауазымды саясаткерлер мен бұрынғы премьер-министрлер де қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная