ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2022 | 11:02
Ұлыбританияда жастарға COVID-19-ды әдейі жұқтыру бойынша эксперимент жүргізілді
Ұлыбританияда жастарға коронавирусты әдейі жұқтыру бойынша бірінші эксперимент жүргізілді, ол сәтті әрі қауіпсіз болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлыбританияда жастарға коронавирусты әдейі жұқтыру бойынша бірінші эксперимент жүргізілді, ол сәтті әрі қауіпсіз болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Ауруды зерттеу үшін ерікті жастарға әдейі COVID-19 жұқтырған, әлемдегі алғашқы зерттеу дені сау жастар үшін қауіпсіз болып шықты. Жобаны Open Orphan фармацевтикалық сервистік компаниясы Лондон Императорлық колледжімен, Ұлыбританиялық вакциналар бойынша жұмыс тобымен және hVIVO клиникалық компаниясымен бірлесіп жасады.
©REUTERS
Зерттеу барысында 18-29 жас аралығындағы 36 адам әдейі коронавирус жұқтырған. Олар арнайы карантиндік аймаққа орналастырылып, денсаулықтары бақылауға алынды. Сондай-ақ, дәрігерлер олар жазылғаннан кейін тағы 12 ай бойы бақылайды. Зерттеу барысында олардың барлығы ешқандай қиындықсыз сауыққан.
©REUTERS
"Осы жас тобындағы адамдар пандемияның негізгі қозғаушы күші және инфекцияның өкілі. Бұл зерттеулер инфекция мен пандемияның таралуына жауап беретін факторларды егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді", - деді Лондон Императорлық колледжінің аға зерттеушісі доктор Крис Чиу.
Ғалымдар қазір коронавирустың дельта штамына осыған ұқсас зерттеуді бастауды жоспарлап отырғандарын айтты. Эксперимент жүргізген hVIVO компаниясының айтуынша, мұндай зерттеу басқа фармацевтикалық компанияларға 2022 жылы барлық этикалық ережелер мен реттеуші мақұлдауларды сақтай отырып, өз препараттарын адамдарда коронавирусқа қарсы сынауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Оксфорд университетінің зерттеушілері COVID-19-дан айыққан қатысушыларда коронавирусты қасақана жұқтыруға тест жүргізу үшін еріктілерді іздеп жатқаны хабарланған болатын. Олар SARS-CoV-2 қайта жұқтырудан қорғау үшін қандай иммундық жауап қажет екенін анықтауға тырысып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также