Ұлыбританияда қолтырауындар қоршауынан бала табылды: күдікті ұсталды

Ұлыбританияда қолтырауындар қоршауынан бала табылды: күдікті ұсталды Фото:depositphotos.com

Британдық полиция кісі өлтіруге оқталу күдігімен бір ер адамды тұтқындады: хайуанаттар бағындағы қолтырауындар қоршауынан жағдайы өте ауыр үш жасар бала табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Британдық полиция кісі өлтіруге оқталу күдігімен бір ер адамды тұтқындады: хайуанаттар бағындағы қолтырауындар қоршауынан жағдайы өте ауыр үш жасар бала табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Үш жасар баланың қатысуымен болған оқиға туралы хабар Кембриджширде орналасқан хайуанаттар бағының әкімшілігіне түскен.

Полицияның мәлімдеуінше, бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, қазіргі уақытта жағдайы өте ауыр, бірақ тұрақты. Арнайы дайындалған мамандар бала мен оның отбасына қолдау көрсетіп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Норфолк қаласының 30 жастағы тұрғыны қамауға алынды.

"Қазіргі кезеңде біз оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін осы келеңсіз жағдай кезінде хайуанаттар бағында болған куәгерлерден жауап алып жатырмыз", - деді полиция инспекторы Верити Макканн.

Хайуанаттар бағының хабарлауынша, аллигаторлар мен қолтырауындар мекендейтін тропикалық павильон зардап шеккен отбасына құрмет ретінде келесі хабарламаға дейін жабық болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама