ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қыркүйек 2020 | 13:36
Ұлыбританияда күніне 3 мың адамнан COVID-19 анықталып жатыр. Билік жаңа шектеулер енгізді
Ұлыбритания билігі алты адамнан асатын жиындарды ұйымдастыруға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Leader-Telegram каналына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлыбритания билігі алты адамнан асатын жиындарды ұйымдастыруға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Leader-Telegram каналына сілтеме жасап.
Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон 9 қыркүйек, сәрсенбіде арнайы баспасөз мәслихатында жаңа ережелер енгізілетінін ресми түрде мәлімдеді.
"14 қыркүйектен бастап полиция үлкен жиналыстарға қатысушыларды жауапкершілікке тартады. Тәртіп бұзушыларға 100 фунт (55 300 теңге) айыппұл салынады. Әрбір қайталанған ережебұзушылық кезінде сома екі есе артады.
Біз вирустың екінші толқынының таралуын тоқтату үшін дереу әрекет етуіміз керек", - деді премьер-министр.
Дереккөз мәліметінше, Ұлыбританияда соңғы күндері күніне 3000-ға жуық адамнан коронавирус анықталып жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также