12 ақпан 2020 09:56

Ұлыбританияда ұшаққа найзағай тиген сәт видеоға түсірілген

© pixabay.com

Ұлыбританияда ұшаққа найзағай түсті. Видеода ұшып бара жатқан лайнерге найзағай түскені анық көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ren.tv арнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияда ұшаққа найзағай түсті. Видеода ұшып бара жатқан лайнерге найзағай түскені анық көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ren.tv арнасына сілтеме жасап. 

Aer Lingus әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Бирмингем әуежайынан ұшып шығып, Дублинге бағыт алған. Осы кезде "Сиара" дауылынан кейін туындаған қолайсыз ауа райы тіркелген. Ұшақ жаңбырда ұшып бара жатқан, осы кезде оған найзағай түседі. Видеода ұшақ бағытынан сәл жылжып, бұрылады да ұшуды ары қарай жалғастырады. 

Реклама
Реклама

Әуекомпания өкілдері ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін найзағай түскенін растады, алайда бортта отырған жолаушылар зардап шекпеген және ұшақ Дублинге сәтті қонған. 

Желі қолданушылары мұндай әуелайнерлері қолайсыз ауа райында ұшуға бейімделген, оның ішінде найзағай түскеннің өзінде ұшақ ары қарай ұшуды жалғастыра береді. Авиацияда мұндай жағдайлар жиі кездеседі екен.

Еске салайық, осыған дейін "Сиара" дауылы кезінде ұшақтың экстремалды жағдайда қонғанының видеосы пайда болған еді. Онда желдің екпіні сағатына 150 шақырым болған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram