ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2021 | 09:06
Ұлыбританияда вакцинация паспорты енгізілмейді
Ұлыбритания тұрғындарға түнгі клубтар мен бұқаралық іс-шараларға бару құқығын беретін вакцинация паспортын енгізуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлыбритания тұрғындарға түнгі клубтар мен бұқаралық іс-шараларға бару құқығын беретін вакцинация паспортын енгізуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид мәлімдеді.
"Осы аптада премьер-министр алдағы бірнеше айда COVID-пен күресу жөніндегі жоспарымызды айқындайды және онда вакциналау бағдарламасы тиімді екенін түсіндіреміз. Біз вакцинация паспортын енгізбеуіміз керек. Бұл жоспар енгізілмейтінін мәлімдегеніме қуаныштымын", - делінген хабарламада.
Мекемелер мен парламент депутаттары сынға алған бұл жоспар қыркүйектің аяғында енгізілуі тиіс еді. Жоспарға сәйкес Англия тұрғындары клубтарға немесе басқа да қоғамдық шараларға кіреберісте COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткенін растайтын құжатты ұсынуы керек болған. Іс-шараларға барудың тағы бір мүмкіндігі - ПТР-анықтамасын ұсыну.
Үкімет мұндай паспорттарды енгізу мүмкіндігі қосалқы нұсқа ретінде қалатынын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также