Ұлыбританиялық генерал үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы ескертті

Ник Картер. Фото © REUTERS / Jeff Overs

Ұлыбритания қорғаныс штабының басшысы, генерал Ник Картер Sky News басылымына берген сұхбатында коронавирус пандемиясы салдарынан туындауы мүмкін жаһандық қауіптер туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлыбритания қорғаныс штабының басшысы, генерал Ник Картер Sky News басылымына берген сұхбатында коронавирус пандемиясы салдарынан туындауы мүмкін жаһандық қауіптер туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол экономикалық дағдарыстар бұрын қауіпсіздік дағдарысына әкеп соққанын атап өтті және пандемияның әлем экономикасына әкелген шығыны салдарынан қайталануы мүмкін екеніне алаңдайтынын айтты.

Реклама
Реклама

Картер қазір әлемде аймақтық қақтығыстардың көптігін ескеріп, кімде-кімнің жаңсақтығы ауқымды салдарға әкеп соғуы мүмкін деген қауіп барын атады.

Осы сөздерден кейін журналист "үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы айтып отыр ма, жоқ па" деп нақтылады.

"Мен тек қауіп барын және оны ескеруіміз керек екенін айтамын", - деді генерал бұрынғы жаһандық қақтығыстардағы өлімінің қайталануына жол берілмеуін атап.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная