06 сәуір 2020 | 09:36

Ұлыбританияның премьері тыныс алдыру аппаратына қосылады - БАҚ

Фото: REUTERS

Ұлыбританияның коронавирус жұқтырған премьер-министрі Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы оның ресми өкілі айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияның коронавирус жұқтырған премьер-министрі Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы оның ресми өкілі айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Дереккөз мәліметінше, шенеуніктің әлі күнге дейін дене қызуы жоғары, жөтеліп жүр. Джонсонның коронавирус жұқтырғаны он күн бұрын анықталған екен.

Реклама
Реклама

Енді премьер-министрдің тыныс алдыру аппаратына қосылатыны айтылады.

"Джонсон шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Тыныс алдыру құрылғысына қосады", - деп жазады басылым.

Дегенмен Джонсон сырқаттанып қалуына қарамастан министрлермен байланыста екен.

6 сәуірдегі жағдай бойынша Ұлыбританияда COVID-19 жұқтырғандардың саны 47 806, ал қайтыс болғандарың саны 4 932-ге жеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная