Үндістанда 100 жыл бұрын салынған үй опырылды: 12 адам қаза тапты

Үндістанның Мумбай қаласында төртқабатты тұрғын үй опырылды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті NDTV телеарнасына сілтеме жасап. 

Үндістанның Мумбай қаласында төртқабатты тұрғын үй опырылды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті NDTV телеарнасына сілтеме жасап. 

БАҚ мәліметінше, оқиға салдарынан кемінде 12 адам қаза тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, 40 шақты адам үйінді астында қалып қойған. 

Оқиға жергілікті уақыт бойынша, бүгін 09:10-да қаланың оңтүстік бөлігіндегі Донгри ауданында болған. Апаттың себебі әзірше белгісіз. Оқиға орнында полицейлер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Бес адам құтқарылды, оның үшеуі бала. 

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, опырылған ғимарат шамамен 90-100 жыл бұрын салынған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама