Үндістанда ауа температурасы 50-ге жуықтады: Қаза тапқандар саны артып жатыр

© glavred.info

Үндістанда табиғат апатынан демалыс күндері 50-ге жуық адам жан тапсырды. Бірнеше апта бұрын басталған аптап ыстық әлі де сақталып тұр, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Үндістанда табиғат апатынан демалыс күндері 50-ге жуық адам жан тапсырды. Бірнеше апта бұрын басталған аптап ыстық әлі де сақталып тұр, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Қазір аймақтағы барлық мектептер маусымның 22-сіне дейін жабық. Елдің денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес береді.

Мамандардың айтуынша, қазір ауа температурасы 48 градусқа дейін көтерілген. Бұл аздай Бихар штатында энцефалит деп аталатын мидың қабынуы дертінен балалар зардап шегіп жатқан көрінеді. Тез жайылып бара жатқан қауіпті дерттен шамамен 100 бала көз жұмды.

Реклама
Реклама

Ауруханада ем қабылдап жатқандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама