Үндістанда бір жарым жастағы баланы құдықтан екі күн бойы шығарды

Үндістанда бір жарым жастағы баланы құдықтан екі күн бойы шығарды Видео кадрынан

Үндістанның Харьяна штатында тереңдігі 18 метр құдыққа түсіп кеткен бір жарым жастағы бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Newsflare-ге сілтеме жасап.

Үндістанның Харьяна штатында тереңдігі 18 метр құдыққа түсіп кеткен бір жарым жастағы бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Newsflare-ге сілтеме жасап.

Арнайы операция екі күнге созылған. Баланы бақылап отыру үшін құдыққа түнде көрсететін камераны түсірген. Алдымен баланы ау арқылы шығармақ болған, бірақ бұл ойларынан бас тартқан.

Құтқарушылар мен әскерилер құдық қасынан тағы біреуін қазып, оны екінші туннельге қосқан, сол арқылы баланы шығарып алды. Құтқарылған бала ауруханаға жеткізілген, қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама