Үндістанда леопардтың адамдарға шабуылдаған сәті видеоға түсіп қалды

Үндістанда леопардтың адамдарға шабуылдаған сәті видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

?ндістанда адасып ?ал?ан леопард адамдар?а шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Times of India басылымына сілтеме жасап.

Үндістанда адасып қалған леопард адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Times of India басылымына сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, жыртқыш аң үнділердің Индаур қаласына кіріп кетіп, адамдарға шабуылдай бастаған.

"Жыртқышты байқаған жергілікті тұрғындар полиция мен жануарлар бойынша мамандарды шақырды. Осыдан кейін олар салынып бітпеген үйдің ішінде леопардты тордың көмегімен ұстамақшы болды, бірақ жануар сыртқа шығып, ер адамды жаралады", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Бірнеше сағаттан кейін зооқызметтің мамандары жыртқышты транквилизатордың көмегімен ұйықтатып тастады. Айта кетейік, леопард еркіндікке жіберіледі. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама