Үндістанда талақ айтып ажырасқандар сотталады

© Danish Ismail / Reuters

?ндістан ?кіметі "исламша ажырасу?а" тыйым салу туралы жобаны ?абылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Ер адам кез келген уа?ытта ажырасу?а ???ылы деген норма ?йелдерді? конституциялы? ???ы?ын б?зады деп танылды.

Үндістан үкіметі "исламша ажырасуға" тыйым салу туралы жобаны қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Ер адам кез келген уақытта ажырасуға құқылы деген норма әйелдердің конституциялық құқығын бұзады деп танылды.

172 миллион үнді мұсылмандарының басым бөлігі - сунниттер, олардың отбасылық өмірі діни заңдарға ғана бағынады. Ол заңға сәйкес, ер адам қалаған уақытында арабтардың "талақ" - ажырасу сөзін үш рет қайталап, некесін бұза алады. Оны кездесіп, тіпті қоңырау шалып немесе СМС-хабарлама жіберіп, болмаса әлеуметтік желі арқылы да айтуға болады.

Үндістанның әділет министрі Рави Шанкар Прасадтың айтуынша, көршілес 22 ел ондай тәжірибеден бас тартқан, ол елдердің қатарында Пәкістан мен Бангладеш бар. Тыйым салу толыққанды қабылданғаннан кейін оны бұзғандар үш жылға дейін түрмеге қамалады.

Реклама
Реклама

"Үш рет талақ айту" өткен жылы конституцияға сай келмейді деп танылған, алайда енді премьер Нарендра Модидің үкіметі ережелерді қатаңдатпақшы. Мұндай айыппен сотталғандар кепілдік беріп бостандыққа шыға алмайды. Ел конгресінде оппозициялық партия мұндай қатаң жазаға қарсы шығып, жеңілдетуді ұсынды.

Үндістандағы азаматтық құқық нормалары бұрыннан заңға бағынатын болса да, Үндістандағы мұсылмандар діни ережелермен өмір сүруді тоқтатпай келеді, себебі бұл елде бірыңғай азаматтық кодекс жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама