ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2020 | 12:30
Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты
Үндістан коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты, онда 4,2 миллионнан астам адамнан инфекция анықталған. Бұған америкалық Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметінше, елде 4 204 613 жағдай анықталған, ал мұның алдында екінші орында тұрған Бразилияда 4 137 521-ден астам жағдай тіркелген. Бірінші болып АҚШ қала береді, онда Джонс Хопкинс институтының ақпараты бойынша 6,2 миллионнан астам жағдай анықталған. Әлемде жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 27 103 845-ке жетті.
Өткен тәулікте елде дәрігерлер вирус жұқтыру бойынша рекорд көрсеткіш - 90,8 мың адамды анықтаған. Бұл туралы РИА Новости Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Министрлік мәліметінше, сауыққандар саны елдегі жалпы жұқтыру жағдайларының 77,31 пайызына жетті және 3,25 миллионнан асты. Ауруханаларда 882 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирустан қайтыс болғандар саны 71,6 мыңнан асты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также