09 желтоқсан 2020 | 09:23

Үндістанда белгісіз індеттің таралу себебі аталды

© REUTERS

Үндістанда су мен сүттен қорғасын және никель табылды. Бұл елдің оңтүстігінде Андхра-Прадеш штатында жұмбақ ауруды тудыруы мүмкін. Металдар суда және сүтте қайдан пайда болғаны белгісіз, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістанда су мен сүттен қорғасын және никель табылды. Бұл елдің оңтүстігінде Андхра-Прадеш штатында жұмбақ ауруды тудыруы мүмкін. Металдар суда және сүтте қайдан пайда болғаны белгісіз, - деп хабарлайды РИА Новости.

Белгісіз дерт өткен жексенбіде Элуру қаласында тараған болатын. Аурудың сиптомдарына үш-бес минуттық эпилепсия, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, әлсіздік, бас ауруы және арқадағы ауырсыну жатады.

Реклама
Реклама

"Жұмбақ аурудың себебі туралы толық ақпарат орталық департаменттер өз есептерін ұсынғаннан кейін ғана белгілі болады. Әзірше індеттің себебі қорғасын екені анықталды", - деді Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жөніндегі орынбасары Алла Кали Кришна Сринивас.

Дереккөз мәліметінше, бұл тек алдын ала мәлімет, сондықтан қосымша зерттеулердің нәтижелерін күту қажет.

Жергілікті денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, індеттен барлығы 505 адам зардап шеккен, 370-тен аса адам жазылып шыққан, тағы 120-сы ауруханаларда.

Еске салайық, мұның алдында Үндістанда белгісіз ауру тарап жатқаны хабарланған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная