15 сәуір 2021 15:09

Үндістанда бір тәулікте 200 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

© REUTERS

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Кейінгі тәулікте Үндістанда коронавирустың жаңа түрін 200 739 адам жұқтырған. Елде 36 күннен бері науқастар саны өсіп жатыр. Салдарынан науқастардың жалпы саны 14 миллионнан асты.

Ел астанасы Нью-Делиде ондаған қонақүй мен банкет залы COVID-19 орталығына айналмақ. Сондай-ақ Мумбаиде вирустың тарауын тоқтату мақсатында шектеу шаралары қабылданды. Көптеген кәсіпорын мен қоғамдық орын 15 күнге жабылды. 

Реклама
Реклама

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандар санымен қатар кейінгі тәулікте 1038 адам COVID-19-дан қайтыс болғанын хабарлады. 

Жалпы Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында, ал инфекциядан қайтыс болған адам саны бойынша АҚШ, Бразилия және Мексикадан кейінгі төртінші орында.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram